Жаңалықтар

Бишімбаев ісі аса ауыр қылмыс түріне ауыстырылды

Ашық дереккөз

Оған «аса қатыгездікпен кісі өлтірді» деген айып тағылды.

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев полицейлердің екі күдіктіні ұстағанын мәлімдеді.

«Бишімбаевқа қатысты «Аса қатыгездікпен кісі өлтірді» деген айыппен іс қозғалды, оның туысы да қылмысты жасырғаны және полицияға хабарламағаны үшін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол қылмыс жасалған күні Бишімбаевтың қасында болып, ауыр қылмыс жасалғаны туралы полицияға хабар бермеген», - деді Өміралиев.

Мұндай қылмыстың мерзімі 15 жылдан 20 жылға дейін артуы мүмкін.

Прокуратура өкілі қылмыстық іс аясында зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, соның қорытындысы бойынша тергеу органдары қосымша ақпарат беретінін айтты.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін  өлтірді деп күдікке ілінгені жөнінде ақпарат тарады. 

12 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелінің өліміне қатысты тағы үш қылмыстық іс тіркелгені белгілі болды. Оның бірі ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабы (Қылмысты жасыру) бойынша ашылды. Оның аясында гастро-орталық директоры күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.