Қоғам

«Cөзімізде тұрдық»: Динара Сұлтан күйеуімен 14 жылдан кейін некеге тұруының себебін түсіндірді

Фото: instagram.com/dinara_sultan1

Әнші бүгінде алты баланың анасы атанған.

Әнші Динара Сұлтан күйеуімен 14 жылдан кейін некеге тұруының себебін түсіндірді, деп хабарлады turkystan.kz.

Әнші бүгінде алты баланың анасы атанған. Ерлі-зайыптылар үйлену тойын балаларымен бірге жасағанмен, ресми түрде некеге отыруға асықпаған еді.

«Күздің соңғы күнінде уәдемде тұрайын. Жолдасымыз екеуміз танысқанымда маған бес бала туып берсең үйленем дегені бар еді. Негізі қалжыңдағаны ғой, дегенмен, мені ондайға барады деп ойламаған сияқты. 22 жасымда біріншісін, 33 жасымда алтыншысын босандым. Үйленуге уақыт болмапты демеңіз, некемізді ислам діні бойынша о баста қиғанбыз. Ресми түрде асықпадық, өмірде небір жағдайлар болып қалады. Сөйтіп 2019 жылы тойымызды ең бірінші балаларымызға, одан соң туыс, дос-жаранға арнап жасадық. Енді міне, тағы бес жыл өте ресми түрде некемізді қидық. Бәрі Алланың қалауымен деп ойлаймын, шүкір. Жолдасымның нағыз жолдас, әке екенін - басынан түсінгем, еш күмәнім болмады. Еркекті көркейтетін - әрекет. Мен де, ол кісі де сөзімізде тұрдық. Енді жастарға қарасақ, бүгін дүрілдетіп той жасап, ертең-ақ айырылысып жатады. 114 мемлекеттен Қазақстан 16 орында өкінішке орай. Менің айтарым асықпаңыз, бұл өмірде ең бастысы- баланс», - деп түсіндірді әнші Instagram парақшасында.