Жаңалықтар

Саусақ іздерін тіркеуге ешкім мәжбүрлемейді

Сурет: Фото: Сергей Савостьянов / ТАСС

Құжат берген кезде Қазақстан азаматтарының саусақ ізін тіркеу енді міндетті болмайды.

Азаматтардың саусақ ізін тіркеу ерікті түрде жүргізіледі. Мәжіліс мемлекеттік корпорация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдап, Сенатқа жолдады, деп хабарлады turkystan.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Енгізілген түзетулерге сәйкес, серіктестік ұйымдар мен келісімдер институты енгізіледі. Бүгінде пилоттық режимде ауылдарда «Қазпошта» бөлімшелерінде фронт-офистер табысты жұмыс істеп жатыр. Мемлекеттік қызметтер банк қосымшаларында қолжетімді. Заң бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесі екіге бөлінеді. Мемлекеттік қызметтерді тек мемлекеттік органдар ғана көрсетеді, ал нәтижелерді қабылдау мен беруді мемлекеттік органдар дербес немесе әріптестік ұйымдар арқылы жүзеге асыра алады. Құжат берген кезде Қазақстан азаматтарының саусақ ізін тіркеу енді міндетті болмайды. Яғни, олар тіркеуден өз еркімен өте алады. Бірақ саусақ ізін тапсыру шетел азаматтары үшін міндетті болады. Сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін алу үшін Қазақстан аумағындағы тіркеу органдарына жеке өтініш беру талабы енгізіледі.

Бұрын олар мұны елге келмей-ақ сенімхат бойынша жасай алатын.