Президент Алматыдағы хостелде қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты
Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады
Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы хостелдердің бірінде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Үкімет пен әкімдікке зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету тапсырылды», – делінген хабарламада.