Студенттерді орналастыруға хостелмен келісімшарт жасалмады – министрлік
Келісімшарт жасасқан хостелдерде ЖОО-ның студент жастары ғана тұрады.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматы қаласының жоғары оқу орындары хостелмен студенттерді орналастыруға келісімшарт жасаспағанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
Студенттерді «Almaty Hostel» хостеліне орналастыру жүргізілген жоқ.
«Біздің мәліметтеріміз бойынша, бұл хостелдің тұрғындары жеке жалдау компаниясымен ынтымақтастық арқылы өз бетінше келісімшарттар жасасты. Бүгінгі таңда ЖОО-лар 87 нысанды (қонақ үйлер мен хостелдер) жалға алды», – делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, жоғары оқу орындары келісімдер жасасатын жалға алынған объектілерге өрт қауіпсіздігі, санитарлық нормалар, камералардың, турникеттердің болуы, коменданттық сағаттың сақталуы бөлігінде жоғары талаптар қойылады.
«Шарт жасасқан хостелдерде ЖОО-ның студент жастары ғана тұрады. Үй-жайларға үнемі мониторинг және тексеру жүргізіледі», – делінген хабарламада.