Жаңалықтар

Алматыда жаңа велосипед жолағы пайда болды

Алматы әкімдігі

Велосипед жолының ені 3 метр, ал ұзындығы 400 метрге жуық.

Жаңа велосипед жолағы Манас көшесінің батыс жағынан Сәтбаев көшесінен Абай даңғылына дейін жасалған, деп хабарлады turkystan.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

Сондай-ақ Манас көшесі бойымен Шевченко көшесінен Абай даңғылына дейін ені 3 метр және ұзындығы 400 метрге жуық велосипед жолы салынды, көше бойында тұрақ орындары ұйымдастырылды. Осылайша, Шевченко мен Сәтбаев көшелерінде орналасқан велосипед жолақтары өзара байланысты. Жалпы, биыл қала бойынша 3 шақырым вело инфрақұрылым жабдықталған. Бұл бағыттағы жұмыстар Алматының даму жоспары аясында Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша жалғасатын болады