Жаңалықтар

Шымкенттегі тергеу изоляторында отырған күдікті көз жұмды

14 қараша күні ол жан сақтау бөліміне жатқызылған.

Шымкентте тергеу изоляторында отырған 29 жастағы күдікті қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

29 жастағы ер адамға ҚР ҚК 262, 287, 307 және 194-баптарында көзделген бірқатар қылмыс жасады деген айып тағылған болатын. 14 қараша күні ол науқастанғандықтан «Т.Орынбаев» атындағы гипербариялық оксигенация орталығының жан сақтау бөліміне жатқызылған. Ал 22 қараша күні сағат 20.35-те жүргізілген ем нәтижесіне қарамастан қайтыс болды. Басты себеп – жедел жүрек-қан тамыр және тыныс жетіспеушілігі мен мидың ісінуі.