Жаңалықтар

Түркістанда әкімдік қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ашық дереккөз

Олар электрмен жүретін көліктерін жалға беріп, жеке шоттарына ақша аударған деп айыпталып отыр.

Түркістан қаласы әкімдігінің екі қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ақпаратты аймақ басшысы Дархан Сатыбалды растады, деп хабарлады turkystan.kz nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, әлеуметтік желідегі жарияланымдарда қала әкімдігінің басшысы құқық қорғау органдарының назарына іліккен. Олар электрмен жүретін көліктерін жалға беріп, жеке шоттарына ақша аударған деп айыпталып отыр. 

Брифингте Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жағдайға қатысты пікір білдірді. 

"Қала әкімдігі қызметкерлерінің де құқығы бар. Сондықтан екі жақтан түскен өтініштерді қарау керек. Тиісті органдар бар. Біз бірінші кезекте электрокарлардың жалға беру жұмыстарының қаншалықты тиімді жүргізілгенін, көліктердің жағдайын да тексереміз. Осы мәселе бойынша құзырлы органдарға хабарластым. Олардың айтуынша, қылмыстық іс қозғалған. Қорытындысы қосымша жарияланады", - деп жауап берді Сатыбалды.