Жаңалықтар

Алматыда хостелде болған өрттен 13 адам қаза тапты

Алматы қалалық ТЖД

Олар көміртегі тотығынан уланып қайтыс болған.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 30 қараша күні сағат 05:33-те Әди Шәріпов көшесінде болған.

«Құтқарушылар келген бойда 1 қабаты және жертөлесі жатақханаға айналған 3 қабатты тұрғын үйдің жанып жатқаны анықталды. Алдын ала ақпарат бойынша, өрттің жалпы ауданы – 30 шаршы метр. Қабылданған шаралармен өрт 06:22-де жойылды», - деп хабарлады департаменттен.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, өртті барлау және сөндіру барысында 13 адамның денесі табылды. Қазір олардың кім екені анықталып жатыр.

Олар көміртегі тотығынан уланып қайтыс болған.