Қазақстанда «антиваксерлерге» қарсы петиция жарияланды
Петицияға 166 адам қол қойды.
Бұл бастама вакцинаға қарсы қозғалысты жақтаушыларды «ақылға шақырып», «тезге салу» үшін қолға алынды, деп хабарлайды Turkystan.kz.
Otinish.kz платформасына орналастырылған петицияға 166 адам қол қойған.
Петиция авторлары дабыл қағып, екпе салдырмаудың салдары мен зардабы ауыр болатынын алға тартты.
«Ешқандай себепсіз вакциналаудан бас тарту жеке отбасының денсаулығына ғана емес, жалпы қоғамға қауіп төндіреді. Вакциналаудан бас тартуға шақыратын екпеге қарсылар мен инфлюенсерлер насихаттың дұрыс қабылданбайтын жағдайын тудырады әрі олар өздерінің кеңесіне құлақ асатындарға ғана емес, сонымен қатар айналасындағыларға қауіп төндіреді», – деп жазылған петицияда.