Қоғам

ШҚО тұрғыны жеңіл автокөлікпен жылқы тасымалдаған

Фото: pexels.com

Полиция қызметкерлері патрульдеу барысында тексеру үшін 44 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы көлікті тоқтатқан.

ШҚО тұрғыны жеңіл автокөлікпен жылқы тасымалдаған. Тәртіп бұзушы «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды, деп хабарлады  turkystan.kz.

Полиция қызметкерлері патрульдеу барысында тексеру үшін 44 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы көлікті тоқтатқан. Автокөлікті тексеру кезінде артқы орындықта ер адамның тиісті құжаттарсыз, сондай-ақ тасымалдау ережелерін бұза отырып, тірі жылқыны алып бара жатқанын анықтаған.

«Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Заңды шешім қабылдау үшін жиналған материал Тарбағатай аудандық ветеринарлық-аумақтық инспекциясына жолданды», - деді полициядан.