T-LIFE

Допты баспен соғу ми жұмысын нашарлатады – зерттеу

Сурет: Reuters

Ойыншыларды 2 жыл бойы тексерген ғалымдар мидың микроқұрылымындағы өзгерістерді анықтаған.

Допты баспен соғу ми жұмысын нашарлататыны анықталды.    АҚШ ғалымдары баспен пас беру немесе гол соғу нейродегенеративті аурулар мен деменцияны тудыруы мүмкін деген қорытындыға келді.   Ойыншыларды 2 жыл бойы тексерген олар мидың микроқұрылымындағы өзгерістерді анықтаған және олар жеңіл ми жарақатымен пара-пар болған. Бұл есте сақтау мен ауызша оқу қабілетін айтарлықтай нашарлатыпты.