Павлодар облысында жүкті әйелді көлік қағып кетті
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
24 қарашада «Павлодар-Шарбақты» автожолының 20 шақырым жерде жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлады turkystan.kz.
Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, Павлодар ауданы Кемеңгер ауылына жақын жерде Volkswagen Golf көлігінің 54 жастағы жүргізушісі жол жиегінде келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
«Жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды», –деді департаментте.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.