T-LIFE

Әлемдегі ең үздік кондитер атағын алғаш рет әйел адам иеленді

Сурет: Theo Farrant

Құрметті атақ халықаралық наубайшылар мен кондитерлер қауымдастығының (UBIC) Мюнхенде өткен көрмесінде табысталды.

Франциялық Нина Метей әлемдегі ең үздік кондитер атағын алды.

Ол әлемдегі ең үздік кондитер атанған алғашқы әйел адам болды. 

Құрметті атақ халықаралық наубайшылар мен кондитерлер қауымдастығының (UBIC) Мюнхенде өткен көрмесінде табысталды.

"Бұл марапат мен үшін де маңызды. Мен Францияның атынан шығып, бүкіл әлем бойынша наубайшылар мен кондитерлердің жұмыс сапасын арттыруға үлес қосқаныма қуаныштымын", - деді ол өз сөзінде.