Жаңалықтар

ҚМА: Заңсыз криптобизнеспен 95 млн теңге тапқан қарағандылық ұсталды

ҚМА

Қазір сотқа дейінгі тергеу тіркелді.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті аса ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасқан криптобиржа арқылы электрондық цифрлық активтер айналымымен заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.

Алдын ала қорытынды бойынша, 2020 жылдың басынан 2023 жылдың ақпанына дейін әмиянға криптовалюта түсімдерінің көлемі 205 мың АҚШ доллары немесе 95 млн теңгеден асқан. Күдікті «BINANCE» биржасында сатып алушылардың крипто-әмияндарына ұлының крипто-әмиянынан аударым жасау арқылы криптовалютаны сатуды жүзеге асыратыны анықталды.

АХҚО ақпаратына сәйкес, аталған тұлғалардың ешқайсысында заңды тұлға ретінде айырбастау операцияларын жүзеге асыруға лицензиялар болмаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу тіркелді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.