Наурыздан бастап Қазақстанда жасалған Nexia-лар сатылады

Наурыздан бастап Қазақстанда жасалған Nexia-лар сатылады

Наурыздан бастап Қазақстанда жасалған Nexia-лар сатылады
ашық дереккөзі
Қостанайлық «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» кәсіпорны 22 наурыздан бастап Ravon Nexia R3 көлігін шығара бастайды. Бұл туралы Ташкентте өткен Қазақстан мен Өзбекстанның үкіметаралық екіжақты комиссиясының 16-шы отырысында AllurGroup президенті Андрей Лаврентьев мәлімдеді. Оның айтуынша, осы жоба бойынша GM Korea компаниясымен лицензиялық келісімге қол қойылмақ. Бүгінде Ravon Nexia R3 көлігі Қазақстанда ең көп сатылған жаңа көліктердің тізімін бастап тұр. Сонымен қатар, Қазақстанда өндірілген бұл көліктерге жеңілдетілген несие бар. Бірінші кезеңде кәсіпорын жылына 7000 Нексия шығарады. Ал кейін конвейерден Chevrolet Spark моделі де шығарыла бастамақ. Айта кетейік, 2017 жылдың қаңтарында елде 124 жаңа Нексия сатылған.