Жаңалықтар

Ақтауда ер адам үй маңынан өлі табылды

diapazon.kz

15 қарашада 7-шағынаудандағы №3 үйдің маңынан ер адамның мәйіті табылды.

Ақтауда ер адам үй маңынан өлі табылды. Бұл іске қатысы бар деген күдікпен екі адам қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz.

Massaget.kz сайтының мәліметінше, бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша полиция департаментінің соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Екі күдікті соттың рұқсатымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі өкілдері айтты. 

15 қарашада 7-шағынаудандағы №3 үйдің маңынан 43 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Одан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы шығып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Оқиға дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша қалалық ІІБ-нің ЕРДП-на тіркелді.

«Соттың санкциясымен 22 және 41 жастағы екі ер адам екі ай мерзімге қамауға алынды», - дедң облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.