Жаңалықтар

Алматы облысында 43 бас жылқыны қолды қылған күдіктілер анықталды

polisia.kz

Зардап шеккендерге келтірілген залал шамамен 22 млн теңгені құрайды.

Алматы облысының полицейлері 43 бас жылқыны қолды қылған күдіктілерді анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 27 қараша күні «Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Алматы облысы ПД КПБ қызметкерлері аудандық полиция бөлімшесімен бірлесіп бұрын жасалған қылмысты ашты.

«Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары Кербұлақ ауылының маңындағы жайылымнан 43 бас жылқыны ұрлап кеткен екі осыған дейін қамауға алынған күдіктілерді анықтады. Зардап шеккендерге келтірілген залал шамамен 22 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің188-1-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды, – дейді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.