Жаңалықтар

Өскеменде жаяу жүргіншіні автобус қағып кетті

Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

Өскемен қаласында автобус қағып кеткен жаяу жүргінші қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға 28 қараша күні таңертең болған. Абай даңғылындағы аялдамада маршруттық автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Соның салдарынан ол сол жерде көз жұмды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.