Жаңалықтар

Тоқаев Того Республикасының президентін қарсы алды

Akorda

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

 «Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбені салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Эссозимна Гнассингбе бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекет басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.