Экономика

«Бәйтерек» холдингінің табысы 400 млрд теңгеге өсті

ашық дереккөз

Холдингтің таза пайыздық кірісі 508,6 миллиардқа жетті.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ 9 айдың қорытындысын жариялады, деп хабарлады Turkystan.kz.

Холдингтің Қазақстан қор биржасына орналастырған дерегінде табыс 2,3 есе, яғни 400 млрд теңгеге дейін ұлғайғаны көрсетілді.

Қаңтар-қыркүйек айларында компанияның барлық көрсеткіші оң сальдо көрсетті. Негізгі қызметтен түскен кіріс 2 есе немесе 590 млрд теңгеге, таза комиссиялық кіріс пен салыққа дейінгі пайда - 2,2 есе немесе 466,5 миллиардқа дейін өсті. Таза пайыздық кіріс - 59,3%-ға немесе 508,6 миллиардқа жетті.

Есептік кезеңде холдингтің активтері 9,3%-ға артты.

Біле жүріңіз, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ  «Отбасы банкі», «Қазақстанның даму банкі», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры және басқа да компанияларға бас болып отыр.