Теңгедегі мерзімді депозиттердің шекті мөлшерлемесі 1 желтоқсаннан бастап төмендейді
Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені төмендетуі депозитке кері әсер етті.
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ теңгедегі мерзімді депозиттер бойынша шекті мөлшерлемені сәл төмендетуді ұсынды, деп хабарлады Turkystan.kz.
Теңгедегі мерзімді депозиттер - қазақстандықтар арасында ең танымал депозит. Cалымшыларға кез келген уақытта ешқандай тәуекелсіз қаражатын алуға және толықтыруға мүмкіндік берілген.
1 желтоқсаннан бастап теңгедегі мерзімді депозиттердің жаңа шекті мөлшерлемесі 15,5%-дан 15,3%-ға төмендейді. Әзірше бұрынғы көрсеткіш сақталып тұр.
Айта кетейік, теңгедегі мерзімді депозиттердің шекті мөлшерлемесіне өзгеріс енгізуге Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 16%-дан 15,75%-ға төмендетуі себеп болып отыр.