Спорт

Қазақстан спортшылары киокушинкай-кан каратэден әлем чемпионатында 115 медаль жеңіп алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Әйелдер 5, ерлер 8 салмақта күш сынасып, Қазақстан құрамасы 6 алтын, 4 күміс, 11 қола жүлде иеленді.

Қазақстан құрамасы киокушинкай-кан каратэден әлем чемпионатында 115 медаль жеңіп алып, үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Алматы қаласындағы Sadu Arena спорт кешенінде 33 елдің 700-ге жуық спортшысы өнер көрсеткен әлем чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күнінде ересектер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Әйелдер 5, ерлер 8 салмақта күш сынасып, Қазақстан құрамасы 6 алтын, 4 күміс, 11 қола жүлде иеленді. 

Әйелдер: 🥇 Нарқыз Ұзақбаева (50 кг) 🥇 Ұлжан Рақышева +65 кг 🥈 Мадина Сауытова (50 кг) 🥈 Амина Досымбек (55 кг) 🥈 Карина Досымова (65 кг) 🥉 Гүлдана Оспанова (55 кг) 🥉 Назира Ахметова (60 кг) 🥉 Әсел Әзімханова (65 кг)

Ерлер: 🥇 Хатип Аюпов (65 кг) 🥇 Нұрлыхан Садвокасов (80 кг) 🥇Рысбек Мақсұтов (85 кг) 🥇Никита Гарас (+85 кг) 🥈 Мадиярбек Ұзақбай (55 кг) 🥉 Әділхан Ақылжан (55 кг) 🥉Дархан Арыстанбеков (55 кг) 🥉Едіге Кемежанов (60 кг) 🥉Әлішер Карменов (65 кг) 🥉Айбек Аманов (70 кг) 🥉Бекзат Орынбасаров (70 кг) 🥉Бекарыс Сұрағанбек (75 кг) 🥉Алмаз Құрмет (80 кг) Жасөспірімдер, жастар, ересектер, ардагерлер арасындағы «ката» және «кумитэ» бәсекелерін қоса есептегенде Қазақстан құрамасы 29 алтын, 25 күміс, 61 қола медальмен жалпы есепте топ жарды. Ресей екінші орында (24 алтын, 26 күміс, 47 қола). Жапония үздік үштікті түйіндеді (10 алтын, 7 күміс, 2 қола).  

Келесі әлем чемпионаты 2025 жылы Жапонияда өтетін болды.