Қоғам

«Депрессияда жүрдім»: «Диета.кz» тобының әншісі топтан кеткенін айтты

Фото: YouTube

Нұрбақыт Қарағай әріптесі Жасұлан Базарбайдың продюсер болуға шамасы жететінін айтады.

«Диета.kz» тобының мүшесі, әнші Нұрбақыт Қарағай топтан не үшін кеткенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы әнші журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында айтты.

«Аз болған жоқ. 10 жылдай бірге жүрдік. Тойдан-тойға, басқа қаланың бәріне бардық. Бір жеке тұлға болатын уақыт келіп қалған шығар. Екеуміз ренжіскен жоқпыз. Достықпен «Давай бөлінейік» дедік. Ол «Мен жас балаларды өсіруім керек» деп айтты», - дейді ол.

Нұрбақыт Қарағай әріптесі Жасұлан Базарбайдың продюсер болуға шамасы жететінін айтады. 

«Бірақ «Диета.kz-ті» ары қарай жалғастыру мақсатында тоқтатпай, тағы қасына жігіттер қойып, жастарды қалдырамын, өзім продюсер болып кетемін» деді. Ақ батасын алып кеттім ғой. Аллаға шүкір, Жәкеңнің арқасында көтерілдім ғой. Бөлінгеннен кейін де маған оңай болған жоқ. Біраз стресс, депрессияда жүрдім», - дейді әнші.