Жаңалықтар

«Балаларға пандемиядан қалған белгісіз қытай вакцинасын егіп жатыр» – фейк

Елде қызылшаға қарсы вакцинация жүргізу үшін «Serum Institute of India» шығарған қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы аралас вакцина қолданылады.

Әлеуметтік желілерде балаларды қызылшаға қарсы белгісіз қытайлық препаратпен мәжбүрлеп егіп жатқаны туралы ақпарат тарады. Автордың пайымдауынша, бұл коронавирустық вакцинациядан қалған екпе болуы мүмкін. Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды, деп хабарлады turkystan.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің ата-аналарға жасаған үндеуінде былай делінген: «Елдегі қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, балаларда қызылшаға қарсы екпелердің болуына назар аударуларыңызды сұраймыз». Екпені тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгініп, алуға болады.