Жаңалықтар

Екі жыл құлдықта болған азамат құтқарылды

сурет: ашық дереккөз

Республикалық "STOP-трафик" шарасының нәтижесінде бірнеше адам құлдықтан құтқарылды.

Республикалық "STOP-трафик" шарасының нәтижесінде бірнеше адам құлдықтан құтқарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ақпаратты тексеру барысында алдап, байланыс құралдарын тартып алу арқылы Семейден еңбек қанау мақсатында қаладан 200 шақырым жердегі шаруа қожалығына алып кеткен екі азаматты ұстады", - деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов.

Ол ер адамды үй шаруашылығында жұмыс істеуге мәжбүрлеп, үш апта бойы қамауда ұстағанын атап өтті. Аталған жайт қылмыстық кодекстің 128-бабы (Адам саудасы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер реестріне тіркелді. 

"1987 жылы туған азаматты қорқыту арқылы жақын маңдағы елді мекеннен 60 шақырым жерде орналасқан аңшылық үйге апарып, екі жыл бойы қарызға батып жұмыс істеуге мәжбүрлегені анықталды", - деді Нұрмағамбетов.

Екі жәбірленуші де туыстарына қайтарылды.