Жаңалықтар

Қызылорда облысында КамАЗ бен автобус соқтығысты

Оқиға 26 қараша күні сағат 18:50 шамасында Қызылорда облысы болған,

Қызылорда облысында КамАЗ бен автобус соқтығысып, 4 адам ауруханаға түсті, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға 26 қараша күні сағат 18:50 шамасында Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққұм ауылы тұсында <М-32> Шымкент-Самара тас жолы бойында болған.

Оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.