Жаңалықтар

Астанада жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам мас күйде қайта көлік тізгіндеген

inbusiness.kz

Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Елордада жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде қайта көлік тізгіндеген, деп хабарлады turkystan.kz.

 «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында елордалық полицейлер бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған адамның мас күйінде автокөлік құралын басқарудың кезекті фактісін анықтады.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, түнгі уақытта Қосшығұлұлы көшесінде патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Wolkswagen Golf автокөлігін тоқтатқан.

«Тәртіп сақшылары жүргізушінің тиісті құжаттарын тексеру барысында аталған 29 жастағы азаматтан алкогольдің өткір иісі шыққанын байқаған. Тексеру барысында оның 2021 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлікті басқару құқығынан айырылғаны анықталған. Сонымен қатар, бұл жолы да ер адамның масаң күйде болғаны расталған», – делінген хабарламада.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабымен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Оның басқаруындағы автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.