Жаңалықтар

Елімізде долларға деген сұраныс күрт өсті

Сурет: Абзал Калиев/ Спутник

Долларға деген сұраныстың өсуі қыркүйектің аяғында басталған теңгенің әлсіреуімен қатар байқалды.

Қазақстанда долларға сұраныс күрт өсті, деп хабарлайды turkystan.kz Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап. 

Қазанда валюта айырбастау пунктерінде доллардың нетто-сатылымы (сатылымнан сатып алуды шегергенде) 193,8 млрд теңге болды. Ұлттық банк дерегінше, бұл бір ай бұрынғыға қарағанда 67%-ға және 2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі орташа деңгейден 56%-ға жоғары.

Долларға деген сұраныстың өсуі қыркүйектің аяғында басталған теңгенің әлсіреуімен қатар байқалды.