20 тонна жұмыртқа тиелген жүк көлігі тасжолда аударылып қалды
Оқиға 26 қараша күні «Көкшетау-Рузаевка» автожолында болған.
Ақмола облысында 20 тонна жұмыртқа тиелген жүк көлігінің 46 жастағы жүргізушісі тасжолда рөлге ие бола алмай, көлік жол шетіне аударылып қалды.
Оқиға 26 қараша күні таңғы сағат 8 шамасында «Көкшетау-Рузаевка» автожолының 21-ші шақырымын болды.
«Полицейлер жолды тексере келе, сол уақытта жол жамылғысының көктайғақ болғанын, алайда аталған жолға көктайғаққа қарсы қоспа себілгені белгілі болды. Тәртіп сақшылары анықтағандай, жүргізуші Ақтөбе қаласының тұрғыны 20 тонна жұмыртқаны Астанадан Ақтауға тасымалдап бара жатқан», - делінген хабарламада.
Полиция жүргізушілерден көлік жүргізу кезінде аса сақ болуды, көктайғақ жағдайында жылдамдықты және қауіпсіз қашықтықты қатаң сақтауды сұрайды.