T-LIFE

«Жүргізушісіз такси» дәуірі басталмай жатып аяқталуы мүмкін

Cruise Automation

АҚШ билігі бұл адам өміріне қауіп төндіретін қызмет деп санайды.

Өзін-өзі басқаратын автономды көлік технологиясымен ерекшеленетін және робототакси қызметінің операторы саналатын америкалық Cruise компаниясы Құрама штаттардағы жұмысын уақытша тоқтатқанын хабарлады. Соңғы бір жылда «жүргізушісіз такси» қызметінің автокөліктері бірнеше рет жол-көлік оқиғасына ұшыраған.

2023 жылғы қазанда Сан-Францискода компанияның көлігі жаяу жүргіншіге зақым келтірді. Ресми нұсқа бойынша, адам басқарған көлік жаяу жүргіншіні қағып кетеді, ал «жүргізушісіз такси» сол адамды езіп өтеді. Жаяу-жүргінші, әйел адам ауыр жарақат алады.

Бұл оқиға Cruise такси компаниясының автономды автокөліктерін Калифорнияда сынақтан өткізуге және басқаруға тыйым салды.

Қоғамдық резонанстың күшеюіне байланысты компания Остин, Хьюстон, Феникс, Майами қалаларын қоса алғанда елдегі «жүргізушісіз такси» қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.

Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы Cruise компаниясын  автоматтандырылған жүргізу жүйесі жаяу жүргіншілерге төндіруі мүмкін қауіп-қатерге қатысты тергеп жатыр.

Бұған дейін Ресейде «Яндекс» компаниясы салонында жүргізушісі жоқ автономды көліктерді сынақтан өткізе бастады. Алғаш рет  автоматтандырылған көліктер Қазан қаласының маңында орналасқан «Иннополис» инновациялық орталығының жолдарында шығарылды.

Өткен айда әлемдегі ең ықпалды автомобиль дизайнерлерінің бірі, Mini Cooper, BMW X5, Ferrari F430 дизайнын жасаушы, сонымен қатар Maserati және Frank Stephenson Design (FSD) негізін қалаушы Фрэнк Стивенсон алдағы 2 жылда әлемде ұшатын такси пайда болатынын мәлімдеді.