Қоғам

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза болды

Polisia.kz

Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға 25 қараша сағат 08:50 шамасында Қарағанды-Қарқаралы тасжолында болған.

Lada Vesta автомобилі Mercedes Benz көлігіне барып соғылған. 

Салдарынан Mercedes автокөлігінің жүргізушісі мен оның 44 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.

30 жастағы Lada автокөлігінің жүргізушісі және оның 51 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Полиция көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол ережесін қатаң сақтауды сұрайды.