Қоғам

Павлодарлық әйел мысыққа сірке суын шашқан

Видеодан алынған кадр

Павлодарда мысыққа сірке суын шашқан әйелдің видеосы тарады

Аталған жайтқа қатысты полицейлер жануарға қатыгездікпен қарау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде әйелдің мысыққа сірке суын шашып жатқаны түсіп қалған видео тарады.

Көп ұзамай облыстық полиция департаменті аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді.

"Бейне бойынша полицейлер тексеріс жүргізді. Тұрғынның жеке басы анықталды.  ҚР ҚК-нің 316-бабы (Жануарларға қатыгездiкпен қарау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді департаменттегілер.

Полицейлердің мәлімдеуінше мысық тірі қалды.