Қоғам

Туысы төртінші қабаттан лақтырып жіберген сәби қайтыс болды

tengrinews.kz

Шымкентте жантүршігерлік оқиға болды

Шымкентте туысы төртінші қабаттан лақтырып жіберген 2 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Ата-ананың дұрыс қарамауынан тағы бір бала қайтыс болды», - деп жазды Шымкенттегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жаннета Жазықбаева.

Оның айтуынша, аурухананың бас дәрігері сағат 18:39-да нәрестенің жүрегі тоқтап қалғанын хабарлаған.