Қоғам

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі даладан табылды

Фото: dknews.kz

1961 жылы туған азаматтың жұмыстан шығып жоғалып кеткені жөнінде хабар түсті.

Батыс Қазақстан облысында боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі даладан табылды, деп хабарлады turkystan.kz

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, марқұмның денесін тұрғын 24 қараша күні сағат 12.00-де Теректі ауданы Ақжайық ауылынан 10 шақырым жерден тапқан.

«62 жастағы ер адамның денесінде күш қолдану белгілері жоқ. Қазіргі уақытта адам өлімінің себебін анықтау үшін мүрде сот-медициналық сараптамаға жолданды», – деді ведомстводан.

Айта кетейік, 22 қарашада кешкі 20 сағат 37 минутта Теректі ауданы Ақжайық ауылында таңертеңгі сағат 10.00-де 1961 жылы туған азаматтың жұмыстан шығып жоғалып кеткені жөнінде хабар түсті.