Жаңалықтар

Солтүстік Кипр Түркия мемлекетіне – 40 жыл

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының орталық қаласында әр жылы қараша айының 15 де мемлекеттің құрылу күні аталып өтіледі.

Биыл Түркия мемлекетінің 100 жылдық мерей тойына 40 жылдық мерке тұспа-тұс келіп отыр. Мерекелік бас қосуда Түркия президентінің орынбасары Жевдет Илмаз, Солтүстік Кипр Республикасының президенті Ерсін Татар құттықтау сөз сөйледі.

Мемлекет басшысының арнайы шақыртумен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Түркиядағы өкілі, Ыстанбұлдағы Қазақстан мәдениет және сауда орталығының басшысы Ержан Уәйіс, JS Holding –тың төраға орынбасары Әли Илмаз қатысып, Солтүстік Кипр Республикасының президенті Ерсін Татар мырзаға, Парламент мәжілісінің төрағасы Зорлы Төре мырзаға Қазақ халқының символы ұлттық шапан кигізді. Сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйіс Түркі тілдес мемлекеттер туралы шежірелі фото портретті Ел басшысы Ерсін Татар мырзаға арнайы тапсырды.

Сонымен қатар, 1974 жылығы және 1983 жылғы аралдағы тарихи күндерге қатынасқан Қазақ ұлтының диаспорасының өкілі, Ыстанбұлда туып-өскен, әскери борышын осы аралда өткізген, кейін Еуорпада Вена қаласында Қазақ қауымдастығын құрған Қадыс Иманбайұлы Залин мырзаға соғыс ардагерлері (Газилерге) «Солтүстік Кипр Түрік мемлекеті 1983жыл» мерекелік медалы табысталды.

Іс-шарада Түркі тілдес халықтардың үлкен тобы, Солтүстік Кипрдің премьер-министрі Унал Устел, президентінің кеңесшісі, профессор Ата Атуын бірге болды.

Ержан Уәйіс,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері