Жаңалықтар

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

liter.kz

Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады.

Алдағы демалыс күндері еліміздің батысы мен солтүстігінде қар жауады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамынша, жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы қысқамерзімді төмендеуі мүмкін. Түнде солтүстік облыстарда 5-10 градус аязға дейін күн суытады.

Атлантикадан басқа циклон батыстан жылжып келе жатқандықтан, антициклон Қазақстан аумағынан шығып кетеді.

«Жауын-шашын аязды жаңбыр түрінде болады және қар жауады. Жел қарлы боранмен күшейіп, көктайғақ болуы мүмкін. Ал температура фонында күрт өзгерістер болмайды. Көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы болжанатын оңтүстік өңірлерде күн жылы болады», - делінген хабарламада.