Жаңалықтар

Қарағандыда алаяқ тұрғындардан 86 млн теңге иемденіп, бәстен ұтылып қалған

Қарағанды облыстық Полиция департаментіне қала тұрғынынан арыз түскен.

Алаяқ қарағандылық тұрғындардан 86 млн теңгеге жуық қаражатты иемденіп, бәстен ұтылып қалды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық Полиция департаментіне қала тұрғынынан арыз түскен. Жәбірленуші жеке кәсіппен айналысып, компьютер құралдары үшін тиімді бағаға тендер болып жатқаны туралы білген.

Ақшаны алғаннан кейін, серіктес байланысқа шықпай, барлық байланыс нөмірлерін өшіріп тастаған. Алданғанын түсінген жәбірленуші бірден полицияға хабарласқан.
 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу әрекеттері барысында күдіктінің осыған ұқсас 12 қылмысқа қатыстылығы анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 86 миллион 400 мың теңгені құрап отыр. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.