T-LIFE

Жапонияда қоқыс жинау бойынша алғашқы әлем кубогі өтті

сурет: bnn.network

Жарысқа әлемнің 20 елінен командалар қатысқан

Токиода қоқыс жинау бойынша алғашқы әлем кубогі өтті, деп хабарлады turkystan.kz South China Morning Post-қа сілтеме жасап. 

Қоқыс жинауды маңызды спорт түріне айналдырған Жапония өзінің алғашқы "Әлем Кубогі" турнирін өткізді. 2023 жылғы 22 қарашада өткен жарысқа әлемнің 20 елінен командалар қатысқан. Қатысушылар 90 минут ішінде мүмкіндігінше көп қоқыс жинауы керек болды.

Нәтижесінде, британдықтар 57 кг қоқыс жинап, жеңімпаз атанған.