Экономика

Мемлекеттік бюджет балансында 2,2 млрд теңге тапшылық бар

ашық дереккөз

Бюджет шығысы 3 573 млрд теңгеге ұлғайды.

Экономикалық зерттеулер институты 2023 жылдың III тоқсанында мемлекеттік бюджет тапшылығы 2,2 млрд теңгеге жеткенін жариялады, деп хабарлады Turkystan.kz.

Институттың дерегінше, бұл - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7 есе көп көрсеткіш.

«2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке 17 205,9 млрд теңге түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 329,5 млрд теңгеге немесе 15,7%-ға артық», – деп хабарлады Экономикалық зерттеулер институты.

Сарапшылар мемлекеттік бюджет кірісінің өсуі салық түсімдерінің оң динамикасы арқылы қамтамасыз етілгенін атап көрсетті. Бюджеттің салықтық түсімдері 24,9%-ға өсті, абсолютті мәнде өсім 2 655,9 млрд теңгені құрады.

«Салық түсімдерінің құрылымында қосылған құн салығы 2023 жылдың алғашқы 8 айында жоғары өсім көрсетті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қосылған құн салығының түсімдері 1 082,5 млрд теңгеге немесе 35,8%-ға өсті. Бюджеттік салық түсімдерінің өсуіне корпоративтік табыс салығының 537,7 млрд теңгеге немесе 20%-ға, жеке табыс салығының 385,4 млрд теңгеге немесе 34,7%-ға ұлғаюы оң әсер етті. Кірістердің ұлғаюына қарамастан, мемлекеттік бюджет кірістерінің орындалуы 97,6%-ды шамасында болды, ал 2023 жылғы 1 қазандағы кірістер биыл нақтыланған бюджеттің  69,7%-ын ғана құрады. 2022 жылы дәл осы кезеңде бюджет кірістерінің орындалуы 103,6%-ға пара-пар болды. Бұл кірістердің жоспарланған көлемінің 76,2%», – деді Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары.

Институт 2023 жылдың соңғы тоқсанында мемлекеттік бюджет 31,3%-ға  немесе 7 439,4 млрд теңгеге толығуы тиіс екенін атап көрсетті. 2022 жылдың сәйкес кезеңінде бюджетке қосымша 4 626 млрд теңге жинау қажет болған.

«Қараша айының ортасындағы салық апталығын ескере отырып, мемлекеттік бюджетке салық түсімінің қомақты көлемін жинауға болады деп күтуге болады. 2023 жылдың нақтыланған бюджетін толық орындау үшін бұрын айтылғандай, 7 439,4 млрд теңге қажет. 2022 жылдың төртінші тоқсанында мемлекеттік бюджетке 5 420,5 млрд теңге түскен. Жыл соңына дейін бюджет түсімдеріне қатысты жоспарды орындау үшін нәтиже үштен бір есе артық болуы керек», – дейді сарапшылар.

2023 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджет шығыстары 19 429,5 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,5%-ға немесе 3 950,2 млрд теңгеге артық.

«Бюджет шығыстарының ұлғаюы негізінен мемлекеттік бюджет шығыстарының 3 573 млрд теңгеге немесе 24%-ға артуының салдарынан болды», – деді сарапшылар.

Ең көп шығындар:

– білім беру саласы – тоғыз айдағы шығыстар 715,8 млрд теңгеге немесе 22,2%-ға өсіп, 3 939,4 млрд теңгені құрады;

– әлеуметтік көмек пен қамсыздандыруға – 2023 жылдың III nоқсанында 3 905,9 млрд теңге жұмсалды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 582,5 млрд теңгеге немесе 17,5%-ға артық;

– борышқа қызмет көрсету – берешек бойынша сыйақыны төлеуге 1 150,3 млрд;

– денсаулық сақтау саласына, халықтың денсаулығын қамтамасыз етуге 1 658,1 млрд теңге немесе 14,6%-ға көп қаражат жұмсалды. Көрсеткіш 467,8 млрд теңгеге немесе 40,8%-ға өсті.

Экономикалық зерттеулер институты 2023 жылдың тоғыз айында мемлекеттік бюджет шығыстарының орындалуы 99,4%-ды, ал нақтыланған шығындар жоспарының жыл бойғы үлесі 67,6%-ды құрады. Өткен жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет шығыстарының орындалуы 98,2%-ды, ал нақтыланған бюджеттің үлесі 67,7%-ды құрады.

«Осылайша, 2023 жылдың III тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет балансында 2 223,6 млрд теңге тапшылық байқалды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7 есеге көп. Бұл ретте шикізаттық емес тапшылық небары 1120,2 млрд теңгеге (20,3%) өсті. Әдеттегідей, бюджет тапшылығының кеңеюі кірістердің азаюымен шығыстардың айтарлықтай өсуінің салдарынан туындады», – деп атап өтті мамандар.