Қоғам

Шымкентте 2 жасар баланы терезеден лақтырып жіберген

Бүлдіршін қазір ауруханада, жағдайы ауыр.

Шымкентте екі жасар бүлдіршінді туысы 4 қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға 23 қарашада болған. Баланың терезеден құлағаны туралы хабарлама "103" жедел жәрдем қызметіне сағат 21:00-де түскен.

Екі жасар бүлдіршін қазір ауруханада, жағдайы ауыр.