Жаңалықтар

Павлодар облысындағы 2 баланың өлімі: әкімдер жұмыстан қуылды

Шідерті кенті, Бесқауға ауылы, Екібастұз қаласының әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы қызметінен кетті.

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин балалардың қауіпсіздігіне жауапты шенеуніктерді жұмыстан шығарып жіберді.

Айта кетейік, бұған дейін қалаға қарасты Шідерті кентінде 8 айлық нәресте аштықтан қайтыс болған еді. Ал Бесқауға аулында туған қызын өлтірді деген күдікпен әйел ұсталды. Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин осы оқиғалардан кейін бірқатар жауапты тұлғаның қызметінен шығарылғанын мәлімдеді.

Қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін Екібастұз қаласы полициясы лауазымды тұлғаларына қатысты шаралар қабылдайды.

Бейсекиннің өзі де облыс әкімінен сөгіс алған. Бірақ балалардың қауіпсіздігі бәріміздің міндетіміз екенін ерекше атап өтті.

Ата-ана өз міндеттерін дұрыс орындалмаса, я болмас, тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлар болса, мына нөмірлерге хабарласуға болады:

  • Полиция - 102
  • Екібастұз қаласының әкімдігі: 33 10 00, 34 02 20, 8775 710 02 91 (WhatsApp)
  • Отбасы мен балаларды қорғау бойынша бірыңғай нөмір – 111