Жаңалықтар

Сеул: Ким Чен Намның өлімініне Пхеньян жауап береді

ашық дереккөзі

Сеул: Ким Чен Намның өлімініне Пхеньян жауап береді

КХДР президенті Ким Чен Ынның бауыры Ким Чен Нам өліміне Солтүстік Корея билігі жауапты. Мұндай мәлімдемені Оңтүстік Корея өкілдеріне сілтеме жасап Reuters агенттігі хабарлады.

Ақпарат көзінің дерегінше, Ким Чен Нам өліміне күдікті ретінде алынған 8 адамның төртеуі Солтүстік Корея мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінен, ал екеуі Сыртқы істер министрлігінің қызметкері.

Еске сала кетейік, президент Ким Чен Ынның бауыры 13 ақпан күні Куала-Лумпур әуежайында аяқ асты көз жұмған еді. Малайзия дәрігерлерінің айтуынша, ажалға жүйке жүйесінің жұмысын тоқтататын у себеп болған. Қазіргі таңда қылмысқа байланыстыоқ. тұтқындалған төрт адам тергелуде. Оған қоса, Солтүстік Кореяның төрт азаматына іздеу жариялады. Дегенмен, бұл елдің билігі аталған жағдайға қатысты пікір білдіруге асығар емес.