«Қу сияқтысың ғой»: Гүлзира Айдарбекова жас келініне айтылып жатқан пікірге наразы
Продюсер осы кезге дейін келіні туралы тек жақсы сөз естігенін жеткізді.
Продюсер Гүлзира Айдарбекова «MOM’skий әңгіме» бағдарламасында жаңа түскен келіні жайлы айтты, деп жазды turkystan.kz.
Продюсер осы кезге дейін келіні туралы тек жақсы сөз естігенін жеткізді. Алайда әлеуметтік желіде жаңа түскен келінге түрлі пікір жазып, тыныштық бермейтіндер бар екенін айтты.
«Бұл келініме де халық тыныштық бермей жатыр. «Қу сияқтысың ғой» деп оның да көңіліне жайсыздық сыйлап жатыр. Елдің сөзінің түкке қажеті жоқ. Енесі емес, халық ажыратып жіберетін сияқты. Мен емес, енесі халық болып тұр», - деді Гүлзира Айдарбекова.