Жаңалықтар

«Қауіпсіз қоғам» жаңа құқықтық мәдениетті қалыптастырады

Қиындыққа тап болғандарға көмектесу, түрлі дау-жанжалдың алдын алу – біз үшін жай ғана міндет емес, үлкен абырой.

Құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, вандализммен күрес. Осындай мақсатпен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері, «AMANAT» партиясының мүшелері, Ішкі істер министрлігінің және өңірлердегі полиция департаменттерінің қызметкерлері «Қауіпсіз қоғам» деп аталатын қоғамдық ауқымды науқан бастады.

Заңның үстемдігін қамтамасыз ету – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың«Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарының бірі.

Ол үшін еліміздің аумағында 20 қарашадан бастап «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты полиция департаменттерімен бірлесіп заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, құқықтық Әділетті мемлекетті нығайтуға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара бастады.

Бүгінге дейін 120-дан астам рейд жүргізіліп, оған 1,6 мыңға жуық адам қатысты. Атап айтқанда, ойын-сауық орындарын, саябақтарды, тұрғын үйлердің аулаларын аралау, түнде, жол ережелерінің сақталуын бақылау, кәріз люктерін тексеру және т.б.

«Жастар Рухы» төрағасының орынбасары Ақерке Искандерованың айтуынша, ойын алаңдарын тексеруден бастап түнгі клубтардағы қауіпсіздікті бақылауға дейінгі іс-шаралар жүреді.

Министрлік Жастарға заң және тәртіп туралы дәрістер өткізіп, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар ұйымдастырады, әлеуметтік маңызы бар орындарда рейдтер жүргізеді.

Мәселен, Ақмола облысында полиция қызметкерлері «Жастар Рухы» белсенділерімен бірге арнайы есепке алынған 1 мыңнан астам адамды тексерді. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 34 құқық бұзушылық анықталды. Ұсақ бұзақылық, ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру сияқты 564 әкімшілік құқық бұзушылық фактісінің жолын кесілді. Патрульдік нарядтар 250-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайды анықтады.

Жезқазған қаласында Ұлытау облыстық полиция департаменті «Құқықтық тәртіп» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып, оған «AMANAT» партиясының өкілдері, педагогтар мен қоғам белсенділері қатысты. Олар кәмелетке толмағандарға қатысты қараңғы уақытта бақылауды күшейтуді, сондай-ақ спирттік ішімдіктерді сату мониторингін қатаңдатуды ұсынды.

Петропавлда ювеналды полицейлер, учаскелік инспекторлар мен «Жастар Рухы» белсенділері қатарындағы мобильді топтар қаланың бірқатар мектебінде «дабыл түймелері» мен күзеттің бар-жоғын тексерді. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары қолайсыз отбасыларды тексеру үшін рейд ұйымдастырды.

Есірткінің таралуына қарсы күреске бағытталған «Есірткіге жол жоқ» акциясы туралы да жеке айта кеткен жөн. «Жастар Рухы» белсенділері жарнама мен есірткі граффитиін бояп жатыр. Мәселен, Өскемен қаласында бір күнде осындай 30-ға жуық хабарландыру жойылды. Жыл басынан бері еліміздің барлық 20 өңірінде 5 мыңнан астам хабарландыру боялған.

Айта кетейік, «Қауіпсіз қоғам» қоғамдық науқаны осы жылдың соңына дейін жалғасады.

«Жастар Рухы» мен Polisia.kz. порталының материалдары бойынша  әзірленді