Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар астрономиядан халықаралық олимпиадада жеңімпаз атанды

Биыл олимпиадаға 14 елдің өкілдері қатысты.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «OWAO» астрономиядан екінші ашық халықаралық олимпиадасына қазақстандық құрама команда қатысқанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Жеңімпаз болғандар:
Алтын – Дамир Әленов.
Күміс – Ахмаджон Табаров, Бекасыл Елубай, Уәлихан Қылышбек және Заңғар Сүннатов.

Қазақстан құрамасы олимпиадада дайындығының, білімі мен шеберлігінің жоғары деңгейлерін көрсете білді.