Жаңалықтар

«Қыс-2023»: Астанада республикалық оқу-жаттығу өтіп жатыр

Астана қаласы бойынша қысқы кезеңге дайындалу үшін 300-ден астам техника дайындалды

Астанада қыс мезгілінде төтенше жағдайлардан халықты және аумақты қорғауды ұйымдастыру бойынша «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды, деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараға 35 техника мен 125 маман қатысты. Онда табиғи қауіп-қатерден зардап шеккендерді эвакуациялау, жол төсемін тазалау, адасқан адамдарды іздеу, жылыту және медициналық, психологиялық көмек көрсету пунктерін орналастыру бойынша іс-шаралар пысықталды.

Командалық-штабтық оқу-жаттығудың барысын қала әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев қадағалады.

Қалалық төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Нұржан Хамиттің айтуынша, техникалар мен құрал-жабдықтар қысқы маусымға сақадай сай.