Жаңалықтар

Астанада коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Астанада жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себіледі

Елордада ауа райының нашарлауы, әсіресе екпінді жел мен көктайғақ байқалады. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр және жолдарда көктайғақ болмас үшін барлық шаралар қабылдауда, деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Ауа райының тұрақсыздығына, температураның өзгеруіне және қатты жауын-шашынға байланысты көктайғақ пайда болады.

Бірінші кезекте орталық көшелер, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.

Сонымен қатар, елорда тұрғындары мен қонақтары көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтағаны және көшеде жүргенде абай болғаны жөн.