Жаңалықтар

Көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды?

ашық дереккөз

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді.

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 539,1 мың отбасы жалпы сомасы 339,4 млрд теңге мөлшерінде қамтылды. Оның ішінде қазан айында 534,9 мың отбасына 35,4 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, жеп хабарлады turkystan.kz.

«Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады», – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасыларындағы:

- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;

- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;

- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;

- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;

- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.