Қазақстан-Словения: Абат Айымбетов алаңға неге ойынның 92 - минутында шықты?
«Есеп 2:1 болып тұрғанда құтқару қиын болды».
Көпшіліктің көкейіндегі сұраққа Match TV арнасының ресейлік комментаторы Константин Генич пікір білдірді, деп хабарлайды Turkystan.kz Коммент.Шоу Казахстан youtube арнасына сілтеме жасап.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Қазақстан-Словения арасындағы ойында шабуылшы Абат Айымбетовты алаңға 92-минутта шығарған болатын. Осы үшін жанкүйерлер бас бапкерге кінә таққан.
«Біз Айымбетовты күттік, көп күттік. Неліктен ертерек шықпады? Мүмкін, бапкер осындай сәттерде шынымен бірдеңені сезетін шығар, өйткені ол эфирде оны дайындап жатқанын, оны алаңға шығаратынын айтты, бірақ ойынның соңында шығарды. Солтүстік Ирландиямен ойнағанда алаңға соңғы 15 минутта шығарды. Ол гол соқты. Жаттықтырушы ойыншының көңіл-күйін сезіп, дайындайды. Осы жерде, 92-минутта, есеп 2:1 болып тұрғанда құтқару қиын болды», – деді.